Дәурен Елеусінов АҚШ-тағы келесі жекпе-жегін наурыз айында өткізеді


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Сен 30, 2023

Қазақстанның кәсіпқой боксшыларының бірі Дәурен Елеусінов келесі жекпе-жегін наурыз айының басында АҚШ-та өткізеді, деп хабарлады boxingnews.kz.

«Дәурен қазір Астана қаласында. АҚШ-тағы алғашқы сайысынан кейін елге оралды. Жақында тағы да мұхит аспақ. Өзімен бірге отбасын да ала кетуді жоспарлап отыр. Ол қазір іскерлік визаны күтуде, бұған дейін саяхатшы ретінде барды. АҚШ-тағы екінші жекпе-жегі 6 наурызда өтеді. Қарсыласы әзір анықталған жоқ», — деді боксшының інісі Данияр аталған сайтқа берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Нью-Йорк қаласында 2014 жылы желтоқсан айының 3-і күні Дәурен кәсіби рингте алғашқы жекпе-жегін өткізген болатын. Онда ол америкалық жас боксшы Энтони Мэддонды бірінші раундта нокаутпен жеңді.

Қаңтар айының басында спортшымыз кәсіби бокстағы ең ықпалды менеджер Эл Хэймонмен келісімшартқа отырды.

Новости Казахстана


Сен
9

Комментарии закрыты.