Алматылық әйел үнемі басына кәстрөл киіп жүреді


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Май 26, 2023

Басына үнемі кәстрөл киіп жүретін алматылық әйел жұртшылықтың назарын аударды деп жазады Алаш айнасы. 

Бұл суреттерді кездейсоқ адамдар түсірген. Олар күйбең тіршілікте жолай басына кәстрөл киген біртүрлі жанды кездестіріп, қызық үшін оны ұялы телефонымен түсіріп, әлеуметтік желіге сала салған.

Ол Алматыда тұрады. Көбіне 42-автобуспен қатынайды (Көк базардан Байсеркеге қатынайтын) екен. Автобус жолаушылары оған назар салмауды жөн көретінге ұқсайды, көбісі ауыратын адам шығар деп іштей жанашырлықпен қарайды екен.

Өйтетін себебі, ол автобустан түсер алдында міндетті түрде қазақша және орысша аялдама атауын атап, өзінің түскелі жатқанын ресми түрде хабарлап, ерсілеу қылық көрсетеді. Кейде ән салатыны да бар.

Мұндай көрініске куә болған адамдар оның дауысы ашық, дикторларға тән екенін де айтады. Ал журналист Гулвира Биғалиева әйелдің кәстрөл киіп жүруінің себебін анықтапты.

Көйлегін теріс, аяғына екі түрлі байпақ киетін әйел елдің назарын өзіне аударатын ерекше тәсіл ойлап тауыпты. Психологияда оның өз атауы бар екен.

Пайғамбар жасына келген кейуана қазіргі өмірдің қиындағанын, елдің бәрі депрессияға жиі ұшырайтынын, тіпті қарапайым жолдың өзінде кептеліс тудырған көлік жүргізушілері айғай-шуға жиі ерік беретінін алға тартады.

«Адамдардың қаталданғаны сонша, күлмейтін, бір-біріне назар аудармайтын деңгейге жеткен», – дейді. Оған әр адамның басындағы несиені қосыңыз.

Кейуана осы проблемалардың бәрін жеңіп, айналада адамдарға жақсы көңіл-күй сыйлау үшін ақылға қонымсыз дүниелерді ойлап табатынын жасырмады.

Новости Казахстана


Май
5

Комментарии закрыты.