Ерімбетов шетелдіктер қаржыландыратын үкіметтік емес ұйымдар туралы шындықты айтты


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Авг 31, 2022

Үкіметтік емес ұйымдарды шетелдіктердің қаржыландыруда жат идеялар бар. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Нұрлан Ерімбетов мәлім етті. 

«Қазақстан азаматы ретінде еліміздің үкіметтік емес ұйымдарын шет елдерден қаржыландыруына қарсымын. Мен түсінемін, өткен ғасырдың 90-шы жылдарында қаржы болмады, қиын кезеңдерге тап болдық. Сол кездері үкіметтік емес ұйымдарға шетелдік қаржы құйылды. Ал бүгінде біз өзіміздің де қаржымызға өмір сүре аламыз. Шетелдіктер жай әншейін ешкімге ақша бермейді. Оның астарында идеялар жататыны мәлім», — деді сарапшы.

Осы орайда Нұрлан Ерімбетов көптеген елдерде, оның ішінде бірқатар еуропалық мемлекеттерде үкіметтік емес ұйымдар саласына шетелдік қаржыны тартуға тыйым салынғанын, бұл тұрғыда тиісті заңдар қабылданғанын атап өтті.

«Біздің мемлекетте барлық жағдайлар бар. Сондықтан да қоғамдық бірлестіктер шетелдік идеяларға тәуелді болмауы тиіс», — деді ол.

Новости Казахстана


Авг
8

Комментарии закрыты.