Италияның экс премьер-министрі қоғамдық жұмыстан мерзімінен бұрын босатылады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Окт 13, 2023

Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони-45 күнге белгіленген қоғамдық жұмыстан мерзімінен бұрын босатылады.

Мұндай жеңілдік оған жақсы тәртібі үшін жасалған деп хабарлайды, Reuters агенттігіне сілтеме жасап Астана арнасы.

2013 жылы 78 жастағы медиамагнат 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда, оның жасын ескере отырып, сот жазаны жеңілдетті.

Берлускониге үй қамаққа алыну немесе Альцгеймер ауруына шалдыққандар емделетін орталықта жұмыс істеу ұсынылды. Ал өткен жылы сот — Берлускониге 2015- жылдың 23-сәуіріне дейін аталмыш медициналық мекемеде аптасына 4 сағат жұмыс істеу жазасын тағайындады.

Енді, 8-наурызда экс- премьер-министрдің мойнынан барлық жаза алынады. Саясаткердің алдағы алты жылда президент сайлауына қатысу мүмкіндігі жоқ.

Алайда бұл шектеулерден құтылу үшін Берлускони адам құқығын қорғау жөніндегі Еуропалық сотқа шағым түсірді.

Новости Казахстана


Окт
10

Комментарии закрыты.