Шымкентте пәтер тонаушылар тобы қолға түсті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 1, 2022

Шымкентте 11 пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктілер қолға түсті, деп хабарлайды Bnews.kz.

"Шымкент ІІБ Абай ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында үш күдіктіні – 1987, 1994 және 1996 жылғы қала тұрғындарын ұстады. Оларлың бірі бұрын сотты болған екен. Тексеріс барысында ұсталғандардың 11 пәтер ұрлығына қатысы бары анықталды", — делінген ОҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тергеу барысында белгілі болғандай, күдіктілер алдын ала құрылған жоспар бойынша әрекет еткен. Негізінен ұрлықтың дені күндіз жасалыпты. Олар әрбір пәтердің есігін қағып, үй иесінің бар-жоғын тексерген. Кейін кілтті бұзып, пәтерге кірген.

"Жәбірленушілерге келген шығынның жалпы сомасы 5 млн теңгеден асып отыр", — деп хабарлады полициядан.

Заттай айғақ ретінде ұсталғандардан қолды болған заттар мен кілтті бұзуға қолданылған құрал-саймандар тәркіленді. Аталмыш фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің барлығы қамауға алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.