Освенцим лагерінде қарауыл болған 93 жастағы қария 300 мың адамды өлтірген


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 24, 2024

Бұрынғы СС жасағының офицері 93 жастағы Оскар Гренинг жүздеген мың адамды өлтіруге қатысты деген айыппен сот алдында жауап беретін болды.

Қария өз заманында әйгілі Освенцим лагерінде жұмыс істеген. Гренингке 300 мың адамның өліміне қатысы бар деген айып тағылды. Осынау қаза тапқандар қатарында 1944 жылдың мамыр-шілде айлары аралығында өлім лагеріне айдалғандар да бар.

Прокурордың айтуынша, Гренинг жұмысқа жарамай қалған еврейлерді газбен улап өлтіру камераларына кіргізуге саналы түрде атсалысқан.

Люнебург қаласында сәуір айында өтетін сот процесіне сол Освинцем лагерінің көзі тірі 55 құрбаны мен қайтыс болғандарының туыстары қатысатын болады.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.