Алматыда алаяқтар сатушыларға 10 мың теңге көрсетіп арбаған


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 26, 2024

Алматы қаласында сатушыларды алдап, алаяқтық жасаған екі жігіт қолға түсті. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Алматы арнасы хабарлайды.

Олардың бірі — 21, екіншісі -19 жаста. Екеуі де жұмыссыз.

"Олар дүкендерге клиент ретінде кіріп, қалталарынан 10 мың теңге шығарған, бірақ сатушыға бермеген. Сатушының басын айналдырып, әртүрлі тауарды таңдап, ұзақ уақыт тұрып алған. Ал, ақша төлеуге келгенде жалтарған. Сонымен қатар, олар сатушылардан артық ақшаны қайтарып беруді талап еткен", — деді Әуезов аудандық ішкі істер басқармасы полиция бөлімінің басшысы Мұрат Қаспақбаев.

Аудандық полиция мәліметінше, ұсталған екі жігіттің осыған ұқсас 4 қылмысқа қатысы бар екені дәлелденді. Олар алаяқтық әрекеттерінің бірін қаладағы ірі сауда үйінде жүзеге асырған.

"Қазір ұсталғандардың қала бойынша өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Ол үшін БАҚ пен әлеуметтік желілердің мүмкіндіктері қолданылады. Бұл екі жігіттің арбауына түскен азаматтардың қатары бұдан да көп болуы мүмкін", -деді Мұрат Қаспақбаев.

Сондай-ақ Қаспақбаев кейбір адамдар олардың алаяқтық әрекеті туралы полицияға хабарламауы да ықтимал екенін атап өтті.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.