Анджелина Джоли өміріне қауіп төнгеніне қарамай Иракқа барды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Сен 17, 2022

Анджелина Джоли БҰҰ-ның арнайы тапсырысымен Ирактың солтүстік аудандарына барып, сонда халықпен жүздесті деп жазады Қамшы сайты.

Анджелина осы сапары барысында Ирак пен Сирия үкіметіне көңілі толмайтынын, қарапайым халықтың жапа шегіп жатқанына өзінің қарсы екенін мәлімдеді. Атап айту керек, атақты әртістің бұл сапары оның өміріне аса қауіпті.

Анджелина Джоли 2007 жылдан бері қарай Иракқа 5 рет сапарлай барған. Бұл реткі сапары оның Ирактағы көрген ең нашар көрінісі екенін айтты. Ол өз сөзінде мемлекеттің халыққа дұрыс қарамайтынын айыптады және өз міндеттерін атқармай отырғанын сөкті. Сондай-ақ, ол әлем халқынан үйсіз-күйсіз ирактықтарға көмек қолын созуын өтінді.

«Көптеген бейкүнә жандар Сирия үкіметі мен лаңкестердің террорлық әрекеттерінен зардап шекті, мемлекет пен қоғам бұл істерге белсене араласып, көмек жасауы керек» деді Анджелина Джоли.

Анджелина Джоли бұдан бұрын  Иракқа келгенінде осындағы 200 мыңнан астам адам өздерінің туған жерлерін тастап кеткенін көрген-ді.

Терроршыларға барымтаға түскен ана-мен бала жайлы ол: «Мен де бір ана ретінде мұндай әрекетке төзе алмаймын» деді. Ол өзінің кинодағы атақ-даңқы арқылы ресми үкіметтің осы жағдайларға назар аударып, көз салуына әсер еткісі келетінін айтты.

Оның бұл әрекетін өз атағы үшін жасап жатқан жалған бет-бейнесі деп бағалайтындар да бар. Дегенмен, Голливуд жұлдыздарының ішінде өз атақ-даңқтарын осындай игі істерге арнап жүргендері сирек.

Новости Казахстана


Сен
9

Комментарии закрыты.