АҚШ пен Қытай миллиардерлерінің саны теңесуге жақын


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Янв 18, 2023

Қытайлық «Хужунь» журналы миллиардерлер рейтингін жариялады. Бұл тізімге әлем елдерінен 2089 адам кірген.

Тізім басында АҚШ (537 адам) және ҚХР (430) миллиардерлері келеді. Соңғы жылдар ішінде Үндістан алғаш рет Ресейді артқа тастап, рейтингтің алғашқы үштігіне кіріп отыр.

2014 жылмен салыстырғанда ресейлік 10 миллиардер тізімге іліне алмаған. Сарапшылардың айтуынша, Қытай әлемдік экономикадағы орнын жыл өткен сайын нығайтып келеді.

Нақтырақ айтсақ, соңғы жылдары тізімге 72 қытайлық миллиардер алынған. Олардың басым бөлігі отандық қор нарығының арқасында дәулетін арттырған. Қытай миллиардерлері арасында бірінші орынды алғаш рет «Ханьнэн» энергетикалық корпорациясының басшысы Хэцзюнь иеленіп отыр, оның байлығы 16 миллиард АҚШ долларына жеткен.

Екінші орында «Ваньда» девелоперлік тобының жетекшісі Ван Цзяньлинь, үшінші орында «Алибаба» компаниясының негізін қалаған Джек Ма тұр.

Новости Казахстана


Янв
1

Комментарии закрыты.