НВО арнасы Головкиннің жекпе-жектеріндегі үздік сәттерді көрсетті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июл 14, 2023

HBO америкалық спорт телеарнасы қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің карьерасындағы үздік сәттерді көрсетті.

32 жастағы Геннадий Головкин НВО телеарнасындағы алғашқы кездесуін 2012 жылдың 1 қыркүйегінде поляк боксшысы Гжегож Проксаға қарсы өткізді. Жекпе-жектің бесінші раундында поляк спортшысы кезекті рет нокдаунға түскеннен кейін төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды.

Отандасымыз бұдан кейін Габриэль Росадоны 7-раундта, Мэттью Маклинді 3-раундта, Кертис Стивенсті 8-раундта, Дэниэл Гилді 3-раундта және Марко Антонио Рубионы 2-раундта нокаутпен ұтты.

Айта кету керек, Головкин – Стивенс жекпе-жегі 2013 жылы рейтингі ең жоғары 3 кездесудің тізіміне, ал Гилге қарсы өткізген жекпе-жек НВО арнасындағы үздік 10 кездесудің қатарына кірді.

Жалпы, қазақстандық боксшы кәсіби карьерасында 31 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті, оның 28-ін нокаутпен аяқтады. Яғни, ол кездесулерінің 90,3 пайызында нокаутпен жеңіске жеткен, бұл қазіргі чемпиондардың арасындағы ең үздік көрсеткіш.

Головкин келесі кездесуін биылғы жылдың 21 ақпанында Монакода британиялық боксшы Мартин Мюррейге қарсы өткізеді. Егер ол бұл жекпе-жекті де нокаутпен аяқтап жатса, әйгілі Майк Тайсонның жетістігін қайталайды.

Новости Казахстана


Июл
7

Комментарии закрыты.