Ақтөбеде оралман келіншек 7 жылдан бері азаматтық ала алмай жүр


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Май 27, 2023

Ақтөбеде жеті жылдан бері азаматтық ала алмай жүрген келіншек тұрады. Базаргүл Сапарова өз отбасында шетелдік саналып, жеті жылдан бері қонақ болып жүр.

Өзбекстан азаматы бес күн ішінде елімізде тіркеуге тұра алмаған, содан әлі күнге дейін уақытша рұқсатпен жүр. Екі ай сайын осындағы үш баласымен отбасын тастап шетелге барып, қайтып келеді.

"Әрі-бері жүрісім мынау. Кеше Өзбекстаннан қырық бір күн дегенде келдім. Балаларым осында, мен ол жақтамын. Қиын", — дейді Базаргүл.

Тұңғатаровтар отбасы сонау 2004 жылы оралман ретіңде елімізге Өзбекстаннан көшіп келген. Осында квота алып, қаланың іргесінен үй салып алған. Тек Базаргүл Сапарованың ол жақта аяқталмай қалған оқуы болғандықтан, екі жылдан кейін қайта кетеді. Жоғары білімін растайтын дипломын алып, елге қайтып келгенінде уақтылы құжат тапсыра алмаған. Салдарын енді тартып жүр.

"Екі айда Орскіден Бейнеуден шекарадан өтіп келем.  2008 жылы бес күн бойы қатынадық. Сол кезде Әлия Саркулова деген болды. Орнында болмайды. Құжаттарды қалдырайықшы деп қалғандарына айтсақ, олар айқай салады", — дейді Өзбекстан азаматы Базаргүл Сапарова.

Сонымен уақытында тіркеуден өте алмаған. Бірақ осы уақыт аралығында отбасы үш балалы болған. Кейін бір жыл бойы заң талаптарын бұзбай, мерзімді сақтап шекарадан өтіп жүрсеңіз азаматтық береміз дегенге ол екі ай сайын шекара асып қатынаған. Бірақ бір жыл бітуге бір күн қалғанда рұқсат қағазын жоғалтып алыпты.

Содан кейінде Базаркүлдің басынан кешпегені жоқ,айтуынша рейдтік шаралар кезіңде оны бірнеше рет заң бұзды деп көші -қон полицейлері үйінен ұстап алып кетіп, айыппұл салған. Сөйтіп заң бұзушы ретіңде еңді оны ешкім жұмысқа алмайды екен. Отбасы тек күйеуі табатын маусымдық табысқа күн көріп отыр.

"Тұрақты мекен жайға тіркелу мәселесі бойынша бұл азамат бізге 2014 жылдың 3 шілдесінде соңғы рет арызданды, бірақ 7 шілде күні оған бұл арызы қанағаттандырылмайтындығы туралы хабарланды. Өйткені бұл кісі еліміздің көші- қон туралы заңнамасын үш төрт рет бұзған. Сондықтан біз оған бере алмаймыз", — дейді Ақтөбе облыстық ІІД Көші-қон полициясы басқармасының бөлім бастығы Нұрлан Багитов. 

Өткен жылы елімізге Өзбекстаннан үш мыңнан астам еңбек мигранты келіпті. Көші-қон полициясының дерегінше Қазақстан мен Өзбекстан арасында екі жақты келісімнің болмауынан визасыз алпыс тәулік қана ел аумағында бола алады. Енді Базаргүл келер айда қайтадан шекара асуға мәжбүр. Әйтпесе айыппұлдары көбейе бермек.

Новости Казахстана


Май
5

Комментарии закрыты.