«Астана арландары»қатарынан үшінші рет жеңіске жетті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 6, 2023

Бүкіләлемдік бокс сериясы (WBS) аясындағы додада өнер көрсететін Astana Arlans Губада Baku Fires клубынан 3:2 есебімен басым түсті.

Алғашқы жекпе-жекте Теміртас Жүсіпов (49 келі) Расул Салиевті сүріндірсе (3:0 — 49:46, 49:46, 50:45), Нұрсұлтан Көшеғұлов (56 келі) Магомед Гурбановқа есе жіберді — 0:3 (46:49, 45:49, 46:49).

Асхат Уәлиханов та Гайбатулла Гаджиалиевке қарсылық көрсете алмады — 0:3 (47:48, 46:49, 45:50). Ал Василий Левит (91 келі) Рахиль Маммадлиді техникалық нокаутпен ұтса, Мейірім Нұрсұлтанов (75 келі) Джабе Хоситашвилиге еш мүмкіндік қалдырмады — 3:0 (49:46, 48:47, 49:46).

Astana Arlans енді Қарағандыда 8 ақпан күні сағат 18:00-де АҚШ-тың USA Knockouts клубын қабылдайды.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.