Астана Орталық Азиядағы медициналық туризмнің орталығына айналды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Авг 7, 2023

2011-2014 жылдары Астанадағы Ұлттық медициналық холдинг клиникалары мен ұлттық ғылыми медициналық орталықта әлемнің 30-дан астам елінен 4799 азаматы емделді.

Нәтижесінде, Астана Орталық Азиядағы медициналық туризмнің жетекші орталығының біріне айналды, деп жазады "Астана ақшамы" газеті.

Елордалық басылымның хабарлауынша, ҰМХ-ға еншілес ұйымдардың жоғары мамандандырылған медициналық көмегіне көбінесе Ресей, АҚШ, Жапония, Италия, Ұлыбритания, Түркия, Болгария, Шри-Ланка, Филиппин, Қырғызстан және одан өзге елдердің азаматтары жүгінген. Себебі, өзге елдерге қарағанда, Қазақстанда жасалатын оталардың құны әлдеқайда төмен.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, сүйектің кемік майын транспланттау Қазақстанда — 51 мың, ал Ресейде — 90 мың доллар. Бауыр трансплантациясының бағасы елімізде — 20 мың болса, Түркияда — 108 мың доллар. Бүйрек транплантациясы да Ресеймен салыстырғанда, 24 мың долларға арзан, яғни — 16 мың долларды құрайды.

Атап айтқанда, омыртқа дискі жарығын микрохирургиялық жолмен алып тастау, экстракорпоральді ұрықтандыру, жүректегі қан жолы тетігіне кардиохирургиялық ота жасау, жатыр артериясын эмболизациялау сияқты қызметтерге сұраныс жоғары.

Ал Ұлттық ғылыми медициналық орталыққа шетелдіктер жасуша технологияларын пайдалана отырып, ішкі органдар жетіспеушілігін морфофункционалды түзету мақсатында келеді екен.

Новости Казахстана


Авг
8

Комментарии закрыты.