Қостанай қаласы әкімінің орынбасары сотқа өз еркімен жұмыстан босатуға талап арыз жолдады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июн 25, 2023

Қостанай қаласы әкімінің үстінен оның орынбасары Валерий Полешко сотқа "Бастығым мені өз еркіммен жұмыстан босатсын" деген талап арыз жолдады. Валерий Полешко. Фото: qostanay.tv

Өткен жылдың желтоқсанында тәртіптік кеңес, газдандырылмаған үйді қабылдағаны үшін, екі шенеунікті жұмыстан шығару жөнінде ұсыныс берген. Олар — Валерий Полешко және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Қайырбек Ерденов.

Соңғысы қызметінен босатылды. Ал Полешко бұл уақытта денсаулығының жарамсыздығына орай демалыста болған. Ол жыл аяғында өз еркімен жұмыстан шығуға арыз жазды.

Бірақ әкім аппаратының өкілдері тәртіптік кеңестің ұсынысын алға тартып, арызға қол қойылмайтынын айтады. Мұнан соң шенеунік сотқа шағымданған.

Полешко мырза соттан әкімді өз еркімен жұмыстан босатуға мәжбүрлеуді сұрайды.

Новости Казахстана


Июн
6

Комментарии закрыты.