Ұшақ апатынан тірі қалған Әсем аяққа тұрып алғашқы қадамдарын жасамақ


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 22, 2023

Жамбыл облысындағы Ан-2 апатынан жалғыз тірі қалған Әсем Шаяхметова дүйсенбіден бастап жүре бастайды. Құдай сақтап ажалдан аман қалған қыз қазір тәуірленіп келеді. Әсем Шаяхметова

Ал тілге келіп есін жиғанда зардап шегуші алдымен сорпа мен қою күрең шай сұратқан екен. Шу қаласынан Астанаға жеткізілгелі Әсемнің омыртқасына, жіліншік пен жамбас сүйегі және сынған аяғына 5 күрделі операция жасалған.

Заманауи құрылғымен сүйектері арнайы бұрамамен бекітіліпті. Дәрігерлер гипстің орнына Әсем Шаяхметованың аяғына Илизаров аппаратын кигізіп қойған. Бұлшық еттеріне артық күш түспес үшін сырқат онымен жарты жыл бойы жүреді. Алдағы аптадан бастап жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылатын Әсем Шаяхметова алғашқы қадамдарын да жасай бастамақ.

Осыдан 10 күн бұрын" Балқаш түсті меттің" бас геологы АН-2 құлап қақ бөлінгенде, ұшақтың артқы қанатында отыруының арқасында аман қалған. Көрер жарығы бар әрі періштесі қаққан Әсем әке-шешесінен жұмысы, қаза тапқан 6 әріптесінің отбасы жайлы көп сұрайды екен.

"Тырмысып жүргісі келеді. Ауырса да көрсетпей жатыр. Көбінесе шайды жақсы көретін, шай ішіп жатыр. Содан кейін сорпа ішіп жатыр. Анасы отыр қасында тамағын беріп, бетін сүртіп", — деп бөлісті қызының жағдайымен Әмірхан Какоков.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.