Алматыда автопарк 11 көлікті қағып кеткен автобусқа тиесілі лицензиясынан айырылды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Янв 16, 2024

Алматыда №2 автопаркі №31 маршрутының лицензиясынан айырылды. Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов мәлім етті.

№2 автопаркке тиесілі №31 бағыт бойынша жүретін автобус осыдан 10 күн бұрын апатқа ұшыраған болатын. Оқыс оқиға 18 қаңтарда "Қазақфильм" шағын ауданында орын алған.

Исиналиев көшесімен төмен құлдилаған автобус көше бойында тұрған 11 автокөлікті қағып, қоқыс машинасына соқтығысып бір-ақ тоқтаған болатын. Кейін көлік жүргізушісі тежегіштің істемей қалғанын айтып еді.

Апат салдарынан 9 адам жапа шекті. Ендігі кезекте аталған маршрутқа қызмет көрсету құқығы басқа тасымалдаушы компанияларға берілетін болды.

Новости Казахстана


Янв
1

Комментарии закрыты.