Ақмола облысының тұрғыны туған әпкесінің үйіне оқ жаудырған


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Окт 4, 2023

Ақмола облысында жақын туысқанының үйіне мылтықтан оқ атқан 32 жасар көкшетаулықтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша қаңтардың 28-і күні Көкшетау қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын шағымданған. Зардап шегушінің айтуынша, түнгі сағат 23:00-тер шамасында оның үйінің есігіне біреу мылтықтан оқ атқан.

Мылтықтың дүрсілінен шошынған отағасы бірден балаларын жасырып, өзі сыртқа шығады. Сол кезде ол есік алдында тұрған өзінің әйелінің кіші інісін көреді.

32 жасар жігіт жездесін былапыт сөздермен балағаттап, жайратып салатынын айтып қорқытқан. Біраздан соң бұзақы балдыз көлігіне отырып, кетіп қалған.

Зардап шегуші оқиға туралы дереу Көкшетау қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне хабарлаған. Құқық қорғау қызметкерлері күдіктіні мекенжайы бойынша бірден қолға түсіреді.

Қазіргі кезде күдіктіден 16-шы калибрлі ИЖ-27 маркалы аңшы мылтығы тәркіленіп, оның үстінен қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлімі бойынша (бұзақылық) қылмыстық іс қозғалды.

Новости Казахстана


Окт
10

Комментарии закрыты.