Мехико перзентханаларының бірінде жойқын жарылыс болды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 26, 2022

Мехикодағы перзентханалардың бірінде жарылыс болып 2 адам көз жұмды. Бұл туралы Рейтерс агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап, мәлімдеді деп хабарлайды Астана арнасы.

Жарақат алғандардың саны 54 адам. Бұған дейін 7 адам қайтыс болды деген ақпар тараған болатын. Оқиға Мехиконың оңтүстік бөлігінде орын алды.

Жарылыс, көлік цистернасынан перзентхананың ас үйіндегі ыдысқа газ құю кезінде көгілдір отынның ауаға тарауынан болған. Мексика президенті Энрике Ньетто қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты.

Айта кетейік, бұл тұрмыстық газдың салдарынан болған алғашқы апат емес. 2013 жылдың мамырында Мехиконың шет аудандарының бірінде орын алған жарылыстан 22 адам көз жұмды.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.