Алматыда жылу өтетін құбырда түнеген ер адам өрттен көз жұмды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 1, 2024

Алматыда Қазыбаев көшесімен өтетін жылу жолдарында өрт болды. Бұл туралы Алматы арнасы "Куәгер" бағдарламасы хабарлайды.

Өрт жайында 101 қызметіне жақын маңдағы үйлердің тұрғындары хабарлаған. Қызыл жалын ауыздықталғаннан кейін шамамен 40-45 жас аралығындағы ер адамның мәйіті табылды.

Нұсқалардың біріне сәйкес, ол бұл жерді уақытша паналаған, үй-жайы жоқ қаңғыбас болуы мүмкін. Тілсіз жауыдың себептері анықталуда.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.