Семейде оқушы қыз супермаркетті үптеп кеткен


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 5, 2022

Семейде супермаркеттердің бірінің күзетшісі полицияға арызданған. Оның айтуынша, белгісіз қыз дүкенін тонап кеткен деп, хабарлайды 24 kz.

Ол дүкен сөрелерінен екі шоколад, сағыз, газдалған сусын және бір бөтелке шарапты ұрлап кетіпті. Келген шығын 4,5 мың теңгені құраған.

Бұл туралы Семей қалалық Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жедел іздестіру барысында полицейлер 10 сыныптың оқушысын ұстаған. Одан ұрланған тауар тәркіленді. Оқушы қыз кінәсін мойындап отыр.

Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.