Алматы тұрғыны отбасының көзінше сегізінші қабаттан секіріп кетті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Май 2, 2022

Тал түсте Жетісу ықшам ауданында орналасқан тоғыз қабатты үйдің 8-ші қабатынан 52 жастағы ер адам терезеден секіріп, жан тапсырды.

Бұл туралы Алматы арнасы "Куәгер" бағдарламасы хабарлайды.

Оның мұндай әрекетінің себебі әлі белгісіз болып отыр. Алайда марқұмның туысқандарының айтуларынша, соңғы уақытта ол қатты күйзелісте болған көрінеді.

Оқыс оқиға кезінде үйде оның келіншегі мен балалары болған.

Новости Казахстана


Май
5

Комментарии закрыты.