Вице-премьер үкіметтің жыл басынан бері демалыссыз жұмыс істегенін айтты


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июн 6, 2022

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев "Жыл басынан бері қазақстандық үкімет демалыссыз жұмыс жасап жатыр" деп, жұмыс кестесінің қауырттығына шағымданды.

"Мен бар жауапкершілікпен мәлімдеймін, үкімет жай қарап отырған жоқ. Болып жатқан жайттың барлығы үкіметтің жіті назарында. Мен сіздерге айтайын, 1 қаңтардан бастап үкіметте бірде бір демалыс күні болған емес. Сағат түнгі 10, 11-ге дейін жұмыс жасаймыз, мүлдем демалыссыз", — деп мәлімдеді Сағынтаев жұма күні кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсартуға арналған дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуынша, үкімет жұмыс жасап жатыр, мүмкін ол көпке білінбейтін шығар.

"Барлық мминистрлік жұмыс жасауда", — деп сендірді ол.

Новости Казахстана


Июн
6

Комментарии закрыты.