37 кореялық спортшыны жеңген қазақ жігіті көпшілікті таң қалдырды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Ноя 14, 2023

Жақында ғаламторда 37 кореялық спортшыны қатарынан жеңген қазақ спортшысы туралы видео пайда болды деп хабарлайды Жетінші арна.

20 жастағы Қадырғали Оңғарбаев Кореяның Сеул қаласында армреслингтен өткен жарыста 37 бірдей кәріс азаматын, жай емес, осы қол күресімен айналысып жүрген спортшысын дем алмастан бірінен соң бірін жеңіп кетті.

Сөйтіп ол жарыстың жеңімпазы ғана емес, королі атанып қайтты.

"Олардың "Король стола" атты өз турнирі бар екен. Соған қатысып, 37 қарсыласымды жеңдім. Жарысқа қатысқандардың барлығы да спортшылар. Барлығын да жеңдім", — дейді қол күресінен әлем чемпионы  Қадырғали Оңғарбаев.

Демек "үстел королі" деген сыннан сүрінбей өтіп, жерлесіміз король атанған. Ал жарыста сәйкесінше 1- орын иеленді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының қол күресі шеберлері соңғы жылдары жоғары нәтиже тіркеп жүр деп жазады Қазақ үні басылымы.

Құрыш білек балуандарды қол күресінен әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Шардара аудандық спорт басқармасы басшысы Арман Қарсыбаев жаттықтырып келеді.

Қазақ қыздары арасында тұңғыш әлем чемпионы да шардаралық Жазира Ақбаева екенін көп ешкім біле бермейді.

 

Новости Казахстана


Ноя
11

Комментарии закрыты.