Алматыда қарақұмық бағасын әдейі көтергендерге айыппұл салынады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 29, 2024

Алматыда қарақұмық құны екі есеге қымбаттады. Баға шағын дүкендер мен супермаркетте көтерілген. Ал әлеуметтік сауда павильондарында баға  бірқалыпты.

Бір айдың ішінде қарақұмықтың құны Алматыда бірден 50 пайызға қымбаттады. Желтоқсан айындағы дақылдың орташа баға көлемі келісіне 237 теңгені құраған. Ал қазіргі уақытта Ресейден әкелетін 800 грамдық қарақұмық дүкен сөрелерінде 400 теңгеге бағалануда.

Отандық компаниялар өндірген өнім бағасы болса 370 теңге көлемінде. Ал супермаркет қызметкерлері бағаның екі айдан бері көтерілгендігін жарсырмады. Десе де мамандар «бағаның өсуі – тапшылықты білдірмейді», — деді.

Өйткені, қалада  5 айға жетерлік 300 тонна қарақұмық бар. Әрі әлеуметтік дүкендерде оның келісі 195 теңге көлемінде. Десе де, отандық кәсіпкерлер қалтасын қампайту үшін сырттан әкелуді жөн санаса керек.

Ал бүгінгі күні бағаның көтерілуіне қалаға қарақұмық жеткізетін отандық 7 компания себепші болып отыр. Аталған мекеме мамандарының айтуынша, Ресейден әкелінетін дақыл бағасының шарықтағанына байланысты, қазақ елінде де қарақұмық құны аспандап кеткен.

«Қазіргі таңда баға нарығын зерттеп жатырмыз. Қарақұмық құнының неліктен көтерілгенін нақты білмейміз. Отандық компаниялар көршілес Ресейден әкелінетін өнім бағасының қымбаттағанын алға тартуда. Ал елімізде өндірілетін дақылға баға шарықтамауы қажет», — деді Алматы қалалық Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті басшысының орынбасары Алмат Постанов.

Елімізде қанша көлемде өнім өндірілгені және қарақұмық қорының нақты мөлшері қандай екендігіне қатысты ауыл шаруашылығы министірлігі тіл қатпады. Өткен жылы болған мароторийдің салдарынан құзырлы мекемелер баға нарығын болжауға қауқарсыз болды.

Жаңа жылдан бастап мамандар тауар құнына қатысты тыңғылықты тексерісті бастап кеткен. Айта кетейік, жөн-жосықсыз өнім бағасын көтерген кәсіпкерлер 400 мыңнан бастап 3 миллион теңгеге жуық айыппұл арқалайтын болады.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.