Қарттардың баспанасын меншіктеген Ардагерлер үйінің директоры сотталды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Окт 16, 2023

Алматыда зейнеткерлердің пәтерлерін өзіне қаратып алған Ардагерлер үйінің директоры 5,8 жылға сотталды, деп хабарлады қаланың Әуезов аудандық прокуратурасы.  

"Алмалы аудандық сотының үкімдерімен С.Ахмадиева 5,8 жылға, орынбасары А.Оразғұлов 5 жылдық мерзімге бас бостандығынан айрылды, С.Құрмашевқа қатысты 3 жылға шартты жаза тағайындалды, А. Әжмұратова мен (Б. Ержанова айыпты деп танылып, қылмыстық жауапқа тарту мерзімінің өтіп кетуіне байланысты жазадан босатылды", — делінген бейсенбідегі хабарда.

Сонымен қатар С. Ахмадиеваның тұлғалар тобында 4 қарт кісіге тиесілі жылжымайтын мүлікті өзіне қаратып алғандығы түсіндіріледі.

"Ардагерлер үйінің директоры С.К. Ахмадиева өз ұлы С. Құрмашев, ұйымның заңгері А. Әжмұратова және нотариус Б.Н. Ержанованың тұлғалар тобында Г. Копылевичке тиесілі пәтерді заңсыз меншіктеген. Одан өзге, Үйдің басшылығының, атап айтқанда директоры С. Ахмадиева мен оның орынбасары Оразғұлованың тарапынан тағы 3 қарт адамның жылжымайтын мүліктерін сату жолумен мүлікті заңсыз меншіктеу деректері (ҚР ҚК 4 – 177 бап 3 бөлім, "г" т., және де 2 – 176 бап 3 бөлім, "г" т.) бойынша қосымша 7 қылмыстық іс қозғалған, оның 6-ауы жемқорлық сипатта", — деп атап көрсетілген хабарда.

Бұдан басқа, прокуратураның ақпары бойынша, С.Ахмадиева істестерімен бірге Ардагерлер үйіне іс жүзінде болмаған екі қызметкерлері жұмысқа тіркеп, олардың жалақыларын өз қалталарына басып келген.

Новости Казахстана


Окт
10

Комментарии закрыты.