Алматыда полицейлер ұсталған азаматты мазақтың астына алды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 18, 2022

Полиция қызметкерлері  екі азаматты көлігіне отырғызып, біріне "жалған айып" таққан.

Полицейлер ұсталған азамат, қазақ ұлтының өкіліне, жаныңдағы азаматты "зорлапсың" дейді. Ол орыс тілін білмейтіндігін айтып, оған тіпті тейіспегенін жеткізуге тырысады.

Сөз арасында жалған айыпталып отырған кісі таныстарына қоңырау шалып "зорлаған жоқпын" дегенді орыс тілінде  қалай айту керектігін сұрайды. Ал полиция қызметкері сол сәтті қызық көріп, күліп, жағдайды ұялы телефонына түсіріп отырады.

Әлеуметтік желіде бұл видеоны көрген азаматтардың дені полиция қызметкерінің әрекетіне наразы екендерін жеткізген. Құқықтық орган өкілі азаматтарды психологиялық қиын жағдайға қалдырып, өздері соған күліп отырғаны "еріккеннің ісі" дегендерде болды.

Бұл бейнематериалды ІІД өкілдері қарап, оқиғаны қолдан ұйымдастырып отырған тәртіп сақшысына тым болмаса ескерту жасалынуы керек дегендер де болды. Қазірге  материалды түсірген азаматтар анықталмаған.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.