Таразда тойханаға тойбастарды лимузинмен жеткізу сәнге айналды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Окт 22, 2023

Қазақстандағы той-трендтарындағы жаңалықтар азаяр емес. Мәселен, Таразда тойханаға тойбастарды лимузинмен жеткізу сәнге айналған көрінеді.

Әлеуметтік желілердің біріне төмендегі видео тарағалы халықтың пікірі екіге жарылған. Бірі бұны тасынғандық деп бағаласа, басқалары дұрыс көрген. Бейнероликтың төменгі жағындағы пікір жазу орны айтыс алаңына айналған десек те болады.

Екі минутқа жетпейтін видеоны сол тойға қатысқандардың бірі ұялы телефонына түсіріп алған. Материалды жариялар кезде таң қалғанын "Жас жұбайлар тойхана ортасына дейін машинамен кіріпті дегенді естігенмін. Енді тойбастарды мейрамхана ортасына лимузинмен жеткізгенді де көрдік. Тараздықтар да қалыспайды екен", — деп жеткізген.

Бейнематериалдың қаралымы жарияланған санаулы күннің ішінде бірнеше мыңға жеткен.

 

Новости Казахстана


Окт
10

Комментарии закрыты.