Алматылық әйел телефон ұрлағаны үшін ұлының саусағын кесіп тастады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Сен 23, 2022

Алматы қаласында полиция әдеттегіден өзгеше істі тексеріп жатыр. Тоғыз жастағы баланың анасы сыныптасының ұялы телефонын ұрлап алғаны үшін ұлының саусағын кесіп тастаған деген күдікке ілінді деп жазады Азаттық.

С. есімді бала Алматы қаласындағы мектептің үшінші сыныбында оқиды. Мектеп әкімшілігі оны тәртібі нашар, үлгерімі қанағаттанарлық оқушы ретінде сипаттайды. Қайғылы оқиға қаңтардың ортасында болған.

Сол күні баланың анасы, 35 жастағы Г.С. мектеп психологына жолығып, баласының жағымсыз қылықтары туралы тағы бір шағым естіген. Сынып жетекшісі де, мектеп әкімшілігі де баласының тәртібі жайлы әке-шешесіне бұған дейін талай ескерткен. Мектеп әкімшілігі «бала өтірікті көп айтады әрі ұрлық жасайды» деген шағым айтқан.

Баланың анасы «ұлым сыныбындағы қыздың ұялы телефонын ұрлап алғанын естігенде сабыр сақтай алмадым» дейді. Әйел мектептен келген соң тоғыз жасар баласын ұрып-соға бастаған. Келіншектің айтуынша, ұрған сайын қасарысып, агрессия көрсеткен баласын пышақпен қорқытпақ болған.

Әйел болған жайтқа қатысты берген түсінігін бірнеше мәрте өзгерткен. Әуелі ол «ас үйдің балам отырған бұрышына қарай лақтырып қалған пышақ қарсы жүгіріп шыққан баламның саусағын кесіп кетті» деген. Екінші болжамы бойынша, баласының қолына жуынатын бөлмедегі айна түсіп кеткен. Үшінші болжамы – баласының қолын үстелге қойып, оң қолының ортаңғы саусағын ашу үстінде кесіп тастаған.

Күйеуім ұрып-соғады, тіпті балалардың көзінше ұрады әрі баланы ұрлыққа баулыды7

Оқиға кезінде үйде жеті және төрт жасар екі қыз бала болған. Адам сенбес әрекетінен кейін баланың шешесі жедел жәрдем шақырған. Әйелдің айтуынша, еш жерде жұмыс істемейтін күйеуі казинода ақша тігіп ойнайды, үйдегі жиһаз бен әшекей бұйымдарды сатып жіберген.

Әйел «Күйеуім ұрып-соғады, тіпті балалардың көзінше ұрады әрі баланы ұрлыққа баулыды» деп шағымданған. Әйел бала күтушісі әрі еден жуушы болып жұмыс істейді. Г.С. хиджаб киіп, намаз оқиды. Бірақ ешқандай діни ағымды ұстанбайтынын айтады.

Үйдегі ұрыс-керіс тұрмысқа шыққан соң көп ұзамай басталған. Күйеуінің ұрлық жасауға, құмар ойындарға бейім екенін білген Гүлмира «күйеуім түзелер» деген үмітпен намазға жығылған. Бірақ келіншек «бәрі керісінше болып шықты» деп қынжылады. Келіншек «сол күні кешке қырсық шалып, өзімді ұстай алмай қалдым» дейді.

Мақала авторы жүргізген шағын зерттеу оқиғаның алдында болған кейбір жайттарды анықтады. Тілші саусағынан айырылған бала телефонын ұрлап алды деген қыздың анасымен сөйлесті.

"Ұрлық былтыр желтоқсанның аяғында болған. Баланың фотосуретін WhatsApp-тан кездейсоқ көріп қалдық. Әке-шешесіне хабарласып едік, телефон баланың әкесінде болып шықты. Шынымды айтсам, телефонды әрең қайтарып алдық", — дейді қыздың Т. есімді анасы Азаттық тілшісіне.

Қаңтардың ортасында саусағы кесілген С. есімді баланың түскенін Алматы қаласындағы №12 қалалық балалар ауруханасының екінші травматология бөлімшесі меңгерушісі Бақыт Қожақанов та растайды. Бөлімше меңгерушісінің Азаттық тілшісіне түсіндіруінше, кесілген саусақ үйде қалғандықтан, баланың оң қолының ортаңғы саусағын орнына қайта тігу мүмкін болмаған.

Мына жағдай — дұрыс тәрбие бермегеннің нәтижесі, тәрбиеде көп олқылық кеткен . Енді анасының психологиялық ауытқуы жоқ па — соны тексеру керек

Мектеп-гимназия басшылығы комментарий беруден бас тартты. Отбасылық психолог Марианна Гурина «бұл – жантүршігерлік оқиға әрі әке-шешенің баласына қатыгездікпен қарауы» дейді.

"Баланы қылығы үшін жазалау керек, бірақ ата-ана баласының әр қылығының астарынан өзін көруі тиіс. Ең әуелі баланы әкесінің ықпалынан қорғау керек еді. Мына жағдай — дұрыс тәрбие бермегеннің нәтижесі, тәрбиеде көп олқылық кеткен . Енді анасының психологиялық ауытқуы жоқ па — соны тексеру керек", — дейді Марианна Гурина.

Саясаттанушы Расул Жұмалының түсіндіруінше, бұл жағдайды кейбір қағидалар бойынша сотсыз жазалау деп қарамау керек. Ұрлық жасаған адамның қолын кесетін заң кейбір мұсылман елдерінде ғана бар. Бірақ ол жазаны ата-ана немесе шенеунік емес, ортағасырлық кейбір ережелерге негізделген қылмыстық заңдар бойынша тағайындайды.

Осы істі тексеріп жатқан Әуезов ауданы тергеушісі Азамат Асқарұлының  айтуынша, күдіктіге (Г.С.) қылмыстық кодекстің 107-бабы бойынша айып тағылған.

«Қинау.Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерi арқылы кәмелетке толмаған тұлғаны тән азабына ұшырату немесе психологиялық тұрғыдан жәбірлеу» бабы бойынша айыпты деп танылған адам екі жылға дейін мерзімге сотталады.

Тергеуші Азамат Асқарұлы Азаттық тілшісіне: — Алматы қаласы ішкі істер басқармасының Әуезов аудандық бөліміне Алматы қаласының С.С. деген азаматынан арыз түсті. Ол әйелін «тоғыз жасар баламның денсаулығына ауыр зардап келтірді» деп айыптайды. Қазір тексеріп жатырмыз. Қазір бала үйінде, күдікті екі жылға дейін сотталуы мүмкін, — дейді.

Қазір баланың қолындағы гипсті әлі алмаған әрі сабаққа бармайды. Ол журналистке «анамды кешіремін» дейді.

Новости Казахстана


Сен
9

Комментарии закрыты.