Алматыға ақпан айының ортасында көктем келеді


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 21, 2022

Алматыда күн қайта жылынады. Тек ызғар әлі екі күндей сақталады деп хабарлайды Алматы арнасы.

"Қазгидромет" мамандарының айтуынша, жақын күндері термометр көрсеткіші 2 градусқа дейін көтеріледі. Осылайша, елімізде қысқы ауа райын қалыптастыратын Сібір антициклонын біртіндеп, Оңтүстіктен келетін жылы ауа райы ығыстыратын болады.

«Алматы қаласы таулы аудандарға жатқызылғандықтан, Алматы қаласында ақпан айында ауаның температурасы нормадан 2 градусқа төмен. Орташа температурасы 6 градус 0-ден төмен. Ал жауын-шашын мөлшері нормадан кішкене жоғары. Негізінен Алматы қаласына жауын-шашын норма бойынша 40 мм болып саналады. Ал ақпан айында осы нормадан кішкене жоғарылау жауын-шашын күтіледі», — деді Алматы қаласы Гидромет Орталығының инженер-синоптигі Гүлтаңсық Медеуова.

Келесі айда жылы болады. Осыған орай, көктем Алматыға ақпан айының ортасында келеді деп болжануда.

Мұндай көрсеткішті ұзақ мерзімді болжау бөлімінің мамандары жасап отыр.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.