Қостанайдағы қазақ-түрік лицейінде оқушылар тағы да астан уланған


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Май 10, 2023

Қостанайдағы қазақ-түрік лицейінде тағы 4 оқушы асқазан ауруымен ауруханаға жатып шықты. Дәрігерлер науқас балаларға "гастроэнтероколит" диагнозын қойған деп, хабарлайды Астана арнасы.

Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті мамандары бұл оқиғаның, мектеп асханасына еш қатысы жоқ деп санайды.

"Мектеп асханасында тағы тексеріс жүргізіліп, зертханалық сынамалар алынды. Асхана қызметкерлері түгел тексерілді. Ешқандай бактерия анықталған жоқ. Сондықтан, оқыс оқиғаны мектеп асханасымен байланыстыруға еш себеп жоқ. Оқушылар демалыс күндері үйлерінде болған. Бәлкім, сонда ұшынған шығар деген болжам бар", — дейді Қостанай облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті бастығының міндетін атқарушы Владимир Нечитайло.

Еске сала кетсек, өткен жылы 24-желтоқсанда осы оқу ордасында 37 оқушы тамақтан ұшынып, оның он сегізі ауруханаға жатқызылған болатын. Тергеу барысында мектеп асханасында жұмыс істейтін қос қызметкердің стафилаккок індетіне шалдыққаны анықталды.

Қазіргі таңда екеуі де толық емделген. Ал, лицей асханасы кесте бойынша жұмыс істеп тұр. Департамент мамандары полицияның осы қылмыстық іске қатысты тергеу-амалдарын әлі жүргізіп жатқанын хабарлады.

Новости Казахстана


Май
5

Комментарии закрыты.