Автокреслоны жақтап дауыс берген депутаттар Ішкі Істер министріне қайта шүйлікті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 19, 2022

Атышулы автокресло төңірегіндегі дау толастар емес. Бұл жолы депутаттар балаларға арналған орындықтарға техникалық регламент енгізуді талап етуде.

Өйткені, "Жол қозғалысы" туралы жаңа заңда балаларға арналған автокреслоның материалы, көлемі, сапасына, қауіпсіздігіне қатысты ереже мүлдем жоқ деп хабарлайды КТК арнасы.

Сондықтан жол бойында тұрған полицей жүргізушіні тоқтатып ойына келген орындықты сұрауға құқылы. Мұның соңы жемқорлыққа апарады. Тиісті техникалық регламент заңда ашылып жазылмағандықтан әркімдікі өзіне дұрыс көрінеді.

Құжаттағы осы олқылықты тиімді пайдаланғандар автокреслоны кәдімгі көрпешеден тігіп алып қулыққа көшіп жатыр екен. Депутаттар сондай қарама-қайшылықты дереу жоюды сұрауда.

Кезінде заңды ың-шыңсыз қабылдап жіберген халық қалаулылары енді Ішкі Істер министріне сөзін өткізе қор боп отыр. Сондықтан еліміздің бас полицейін райынан қайтаруды үкімет басшысынан тағы сұрады.

"Балаларға арналаған автокреслоның нақты қандай болу керек екені белгісіз. Сондықтан жүргізушілер қолға ілінген креслоны сатып алуда. Оның басым бөлігі Қытайда жасалған, сапасы сын көтермейді", — дейді мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова.

Сонымен бірге депуттар өздері айтқан талап кешеуілдесе, халық тағы шығынға бататынын атап өтті.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.