«Eurovision — 2015» ән байқауын Кончита Вурсттың сыңары жүргізеді


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Янв 27, 2023

Сахнаға әнші Кончита Вурсттың кейіпінде шығатын аустралиялық әртіс Томас Нойвирт "Eurovision – 2015" ән байқауын жүргізетін болады, — деп хабарлайды Digital Spy порталы.

Байқауды "Eurovision – 2014"-те жеңімпаз атанған Кончита Вурсттан өзге аустралиялық танымал үш жүргізуші жүргізеді. Хабарламада сақалды әнші байқаудың ашылу салтанатын жүргізіп, артынша байқауға қатысушылармен сұхбаттасатын болады делінген.

Айта кетейік, еуропалық "Eurovision – 2015" ән байқауының 19 мамырда өтетін бірінші жартылай финалында Ресей, Эстония, Грузия, Греция және Нидерландыны қосқанда 16 ел, 21 мамырда өтетін екінші жартылай финалында Ирландия, Израиль, Әзірбайжан, Швецияны қосқанда 17 ел қатысады.

Биыл 60-шы рет өткелі жатқан "Eurovision – 2015" ән байқауы өткен жылы "Eurovision"-нің жеңімпазы атанған аустралиялық әнші Кончита Вурстың арқасында Венада өтеді.

Украина "Eurovision" ән байқауына қатысудан бас тартты, ал Кипр, Чехия және Сербия біраз ойлана келе байқауға қатысуға өтініш білдірген. Аталмыш ән байқауына қатысушы елдер биыл өткен жылға қарағанда екі есеге өсіп, барлығы 39-ды құрады. Әлем бойынша "Eurovision" ән байқауының финалын тікелей эфирден 100 миллионға жуық телекөрермен көреді.

Новости Казахстана


Янв
1

Комментарии закрыты.