Астана тұрғыны пойызда қымбат телефондарды ұрлаумен айналысқан


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Май 30, 2023

Ішкі істер желілік бөліміне 43 жастағы елорда тұрғыны хабарласып, Астана қаласының темір жол вокзалының кіреберісінде қымбат ұялы телефонының жоғалғаны туралы шағым түсірді, деп хабарлады Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру шарасы барысында 27 жастағы Астана тұрғыны ұсталды. Айғақ зат табылып, алынды.

Қазіргі уақытта оның үстінен қылмыстық кодекстің 188-бабының 1-бөліміне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Департаменттің криминалдық полиция басқармасының бастығы Дәулет Мақсұтовтың айтуынша, телефондарды пойызда ұрлату азаматтардың немқұрайлығынан болады.

Сондай-ақ, ол департаменттің қызмет көрсету аумағының ұзақтығы мен жолаушылардың ұрланған заттарына қатысты фактілер туралы өтініштерін, ішкі істер желілік бөлімдеріне кешіктіріп жасауы, көлік полицейлерінің қылмысқа дер кезінде ден қойып, олардың "ізін суытпай" ашылуына мүкіндік бермейтіндігіне де тоқталды.

Новости Казахстана


Май
5

Комментарии закрыты.