Назарбаев бюджетті қолдану барысында қаржылық тәртіпті нығайтуды тапсырды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 30, 2022

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршинді қабылдады.

Кездесу барысында елбасы "Нұрлы жол" жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыру барысына қаржылық тәртіпті нығайтудың маңыздылығын атап айтты деп, хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары.

"Есеп комитетінің төрағасы елбасыға ведомствоның 2014 жылғы жұмысының негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы баяндады. Кездесу барысында президентке республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары, қаражатты жоспарлау және пайдалану кезінде үнемі анықталып жүрген мәселелер мен кемшіліктер туралы айтылды", — делінген хабарламада.

Мәліметке сәйкес, есеп комитеті былтыр 298 нысанда 3,1 триллион теңге мөлшеріндегі қаражатты қамтитын 25 бақылау іс-шарасын жүргізді. Анықталған заңбұзушылықтың жалпы көлемі 716 миллиард теңгені құрады, республикалық бюджетке 75 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылды.

Тексерулер мен бақылау-талдау шараларының нәтижесі бойынша үкіметке, мемлекеттік органдарға және квази-мемлекеттік сектор субьектілеріне 312 ұсыным мен тапсырма жолданды. Сонымен қатар, Есеп комитетінің төрағасы облыстардың, Астана және Алматы қалалары ревизиялық комиссияларының 2014 жылғы жұмысының негізгі қорытындылары туралы баяндады.

Мемлекет басшысы республикалық бюджет пен Ұлттық қор қаражатының тиімді әрі оңтайлы пайдаланылуына бақылауды күшейтудің, сондай-ақ "Нұрлы жол" жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыру барысына қаржылық тәртіпті нығайтудың маңыздылығын атап айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша елбасы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.