Теңгемен несие бермейтін банктерді жазалау ұсынылды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 19, 2024

Депутаттар екінші деңгейлі банктердің кәсіпкерлерге теңгемен кредит беруді мүлдем дерлік тоқтатқанына алаңдаулы.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Светлана Қадірәлиева Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовке депутаттық сауал жолдап, екінші деңгейлі банктерге қатысты қандай жаза қолдану көзделіп отырғанын сұрады.

«Ақ жол» партиясына кәсіпкерлерден екінші деңгейлі банктердің теңгемен кредит беруді мүлдем дерлік тоқтатқандарына қатысты шағымдар көп түседі. Барлық кредиттер доллармен немесе шетел валютасының бағамына бекітіп беріледі. Кей жағдайда кредит теңгемен ресімделгенде, пайыздық мөлшерлемесі өте жоғары болады, бұл орайда кәсіпкерлік қызметті ашып, дамытудың мәні жоғалады», — дейді Қадірәлиева.

Депутаттың сөзінше, бұл шектеулер инфляцияға қарсы тұру мақсатында енгізілуі мүмкін.

«Олай болса, жаңа бизнес-жобалар жөнінде, жалпы экономикалық даму туралы ұмытқан жөн. 2014 жылдың 15 желтоқсанында президенттің инфляцияға қарсы тұру туралы ғана емес, экономиканы долларға тәуелсіз етуді тапсырғаны белгілі. Яғни, Қазақстан аумағында қаржылық жоспарлау мен ресми және ішкі есеп айырысу кезінде доллар және өзге де шетелдік валютаны пайдаланудан бас тарту керек деген сөз», — дейді халық қалаулысы.

Дегенмен, кәсіпкерлік секторды кредиттеу нарығындағы қазіргі жағдай бұған мүлдем керісінше болып отыр. Депутаттың атап өтуінше, банктердің валюталық тәуекелдерді кәсіпкерлер мен халыққа артып отырғаны түсінікті.

«Осыған байланысты, Қайрат Нематұлы, Сізден келесі сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймыз: Ұлттық банк кредит нарығындағы ұлттық валютаның тапшылығынан хабардар ма? Егер хабардар болса, бұл мәселені шешу бойынша Ұлттық банк қандай іс-шараларды қолға алды? Теңгемен кредит беруден бас тартып отырған екінші деңгейлі банктер нормаларды бұзып отырған жоқ па? Егер бұзып отырса, Ұлттық банк оларды қалай жазаламақ?», — деген Қадірәлиева.»Ақ жол» партиясы депутаттарының сауалдарын жеткізді.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.