Сәбиін 180 мың теңгеге сатпақ болған әйел оқиғаның мән-жайын түсіндірді


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 1, 2023

Алматыда өз баласын 180 мың теңгеге сатпақ болған келіншек оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

«Қанша ақша екендігін білмеймін. 400-480 мың шығар. Мен өзіннің көңіліннен шыққан ақшаны бер дедім. Қанша ақша бергенін білмеймін. Әлі санап үлгермедім. Алғанда қанша сома екендігін айтпады», — деді ұсталған азаматша.

Әйел адам жасаған қылмысты бірден мойындады. Соның арасында аталмыш қылмыстық әрекетінің көмегімен ол өзінің материалдық жағдайын түзегісі келгендігін айтып өтті.

Сондай-ақ, ұсталған әйелдің сөзіне қарағанда, бұған дейін де оның екі баланы туып, оларды сол күйінде перзентхана қабырғасында қалдырып кеткендігі белгілі болды. Әйелдің аузынан шыққан аталмыш ақпараттың растығын енді тергеу амалдары анықтайды.

Оның шеңберінде оқиғаның нақты себебі анықталмақ. Естеріңізге сала кетсек, Алматы полициясы бір айлық сәбиді сату дерегінің жолын кесті. Алматы облысы Іле ауданының 27 жастағы тұрғыны өз баласын сатпақ болған.

Шақалақ қызды ана өткен жылдың 19 желтоқсан күні Алматыдағы перзентханалардың бірінде дүниеге алып келген. Осы күнге дейін ол өзінің баласының болашақ ата-анасын іздеумен жүрген.

Әйел бақытын сезінгісі келген жалғыз басты келіншек оған бірден кезіккен. Салқын жүректі ана өз баласын 180 мың теңгеге бағалапты.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.