Руын фамилияға айналдырған әншілер сынның астында қалды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 6, 2024

Қазақ әншілерінің арасында өз руын фамилиясына айналдырған әншілер көбейіп келеді. Басқа емес, көп алдында жүрген өнер жұлдыздары өз атына руын жалғап алып жүр деп жазады Алаш айнасы.

 
Айталық, Нұрлан Албан, Аша Матай, Сара Найман, Ақылбек Жеменей, Майра Керей. Барлығы да — ел сүйіп тыңдайтын, өнерде өзіндік орнын қалыптастырып үлгерген белгілі әншілер. Бұлардың ішінде бастапқыда басқа атпен, яғни өзінің тегімен шыққандары да бар.

Мысалы, таңдайына бұлбұл ұялаған Майра әнші алғашында Мұхамедқызы болып шыққандықтан, жұрт оны әлі күнге солай атаудан жаңылар емес. Тегін кенет Керей деп ауыстырғанда, шыны керек, барша қазақ Майраға бір түрлі тосырқай қарады.

Оның мәнін әншінің өзі "Еуропа жұртының Мұхамедқызы деген ұзын текті айтуға тілі келмейтіндігімен" түсіндіруге тырысты. Сондай-ақ сол тұстағы исламға деген теріс көзқарас "Мұхаммед" атауына үрке қарап, қасиетті есімді көзге шыққан сүйелдей көрсе керек. Сол себепті Мұхамедқызы Керейге айналды.

Руға-жүзге бөліну, тіпті өз руын ұлтынан жоғары қою деген мәселе төңірегінде өзге емес, әншілердің өзі не ойлайды?

"Маған Шымкент, Атырау деп бөлетіндер ұнамайды. Сосын қазір автокөліктердің артына руларының атын жазып алу сәнге айналыпты. Қатарласып келіп, бетіне "не деген бейшара, не деген қараңғы едің" деп аянышпен қараймын. Деңгейі, намысы руынан аспайды", — деген әнші Сәкен Майғазиев баспасөз бетіндегі сұхбаттарының бірінде.

Тарихшы Мәмбет Қойгелдин де әншілердің бұл қадамын құптамай отыр.

"Меніңше, руының атын ту қылып сахна төріне алып шығып жатқан әншілеріміз өздерінің неге бой алдырып, нендей қауіпке жол ашып беріп жатқандығын түсінбейтін секілді. Сондықтан мен оларды "айналайындар" деп тұрып, өз қателіктерін кешікпей түсінуге шақырар едім. Мейлі, кім болсын, руға бөлшектеу, рулық сананы қоздыру арқылы абыройға кенелмесі анық. Сондықтан рулық сана деңгейінен өсуіміз керек", — дейді тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелдин.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.