Қазақстаннан тарихи отанына көшкен гректер елімізге қайта оралуда


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Май 9, 2023

Тоқсаныншы жылдары Қазақстаннан тарихи отаны саналатын Грекияға көшкен грек азаматтары елімізге қайта оралып жатыр деп жазады "Оңтүстік Рабат" газеті.

Өткен ғасырдың орта тұсында қазақ даласына депортацияланған ұлттардың қатарында понтий гректері де бар.

"Қазақстандағы гректер тарихи отанымыз деп Грекияға кеткенімен де, онда оларды жылы қабылдамады. Оң қабақ танытпады. Келгендеріне қуанбады. Олар онда бөтен болды. Әйткенмен, бүгінде әркім шамасы келгенінше ғұмыр кешіп жатыр. Қазақстанға қайта оралу туралы ойлары да жоқ емес", — дейді грек диаспорасының өкілі Элеонора Кладос.

Қазақстандағы гректер тарихи отанымыз деп Грекияға кеткенімен де, онда оларды жылы қабылдамады. Оң қабақ танытпады.

Елімізге депортацияланған ұлттарды қабылдап алған өңірлердің ірісі — Оңтүстік Қазақстан облысы. Қазіргі күнде облыстағы грек диаспорасы 700 адамнан тұрады. Солардың бірі – Элеонора Константиновна Кладос.

Бүгінде 60 жасты еңсерген Элеонора зейнеткердің әке-шешесі 1949 жылы Батуми жерінен қазіргі Мақтарал ауданының аумағына жіберілген. Элеонора Константиновна 1955 жылы 16-мамырда Шымкентте дүниеге келген.

Ағасы мен әпкесі сол Батумиде туған. Қазақстанға келгенге дейін ес біліп қалған кездері екен. Барлық мүлкі Батумиде қалып қойған отбасының мұнда келіп, еңсесін көтеруіне жергілікті қазақтардың көмегі көп болғанын, қазақтардың оларға өз үйлерінен бөлмесін беріп, ас-суын аямағанын, қолдан келер көмектерін ұсынғанын ата-анасының көзі тірісінде айтып отыратынын есіне алды.

"Автоматизация мен химиялық өндіріс" мамандығы бойынша жоғары білім алып, 1987 жылға дейін қой шаруашылығына арналған машиналарды құрастыру бюросында инженер болып жұмыс істедім. Сол жылы орыс ұлтының адамымен тұрмыс құрып, бүгінде екі бала тәрбиелеп өсірдім. Ұлым Алматыда, қызым Қытайда жұмыс істейді. Екі немерем бар" деген кейіпкеріміз тоқырау жылдарының аса ауыр тигенін айтады.

Әпкесі Грекияға 1995 жылы кетіпті. Айналасындағы туған туыстары мен құрбы-құрдастарының Грекияға кетуі де сол уақытқа тап келген.

"2000 жылдарға дейін біздің облыстағы грек диаспорасы өзге облыстардағы грек диаспораларының ішіндегі ең ірісі болған. Облысымызда 25 мыңға жуық грек тұрды. Кейін Грекияға жаппай көші-қонның себебінен саны күрт азайды. Әйтсе де, соңғы бес-алты жылда Қазақстанға қайта оралып жатқан жастар бар. Мұндағы гректердің дені бизнеспен айналысады. Сауда-саттық, құрылыс, ағаш өңдеу, дәнекерлеу, мейрамхана ісі салаларында кәсібін жүргізіп отыр", — дейді ОҚО грек-мәдени орталығының төрағасы Дмитрий Сидиропуло.

Соңғы бес-алты жылда Қазақстанға қайта оралып жатқан жастар бар. Мұндағы гректердің дені бизнеспен айналысады.

Бүгінде Қазақстандағы грек диаспорасының саны бас-аяғы 6000 адам. Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай облыстарында грек диаспорасы шоғырланған. 

"Мен Қазақстанда тудым, осында өстім. Көшіп кету туралы ой болған емес. Менің отаным – Қазақстан. Анам әпкеммен бірге сонда кеткен еді. Анамды көруге 2008-2009 жылдары Грекияға бардым. Қазақстанға қайтқым келді. Шымкенттен кеткім келмейді. Қаланың күннен-күнге көркейіп, өркендеп келе жатқанын көргенде қуанамын. Қаладағы жастардың тәрбиелілігіне сүйсінемін. Автобусқа мінсем, қарттарға орын береді. Ауыр жүк көтеріп бара жатсаң, жүгімді жеткізіп беруге ұмтылады. Мұның өзі бір қуаныш", — дейді Элеонора Кладос.

Новости Казахстана


Май
5

Комментарии закрыты.