32 жастағы әйел қазақ-қытай шекарасынан 1 тонна дәрі-дәрмекті өткізбек болған


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Окт 4, 2022

Еліміздің шығысындағы қазақ-қытай шекарасында орналасқан "Қорғас" бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары 1 тоннаға жуық дәрі-дәрмек контрабандасының жолын кесті.

Бұл туралы ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

"Жасы 32-дегі әйел адам бір тоннадан астам дәрі-дәрмекті елімізге заңсыз жолмен өткізуге әрекеттенгені үшін ұсталды", — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ұсталған жүк бақылау-өткізу бекетінде.

Әйелдің үстінен қылмыстық кодекстің 234-бабының 1-тармағы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Новости Казахстана


Окт
10

Комментарии закрыты.