Елдегі жолдардың бойындағы сервис нысандары ұлттық стандартқа сай салынады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 26, 2024

Қазақстанда 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап жол бойындағы сервис нысандарын орнықтыру жөніндегі ұлттық стандартты енгізу жоспарлануда, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі. Фото: kolesa.kz

Хабарламада көрсетілгендей, қызмет көрсету нысандарын орналастыру талаптарына байланысты, бүгінгі күні "ҚазЖолҒЗИ" ұлттық үлгі әзірледі. Ол 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап бекітіліп, қолданысқа енгізіледі.

Басқарма төрағасы Берік Камалиевтің мәліметі бойынша, бұл нысандар көлік жүйесіндегі инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылады және ол қосымша 2000 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Осы уақытта "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" транзиттік дәлізінің бойында, Қордай елді мекенінде қызмет көрсетудің 50 нысаны жұмыс істеп тұр. Айналма жолдың құрылысы аяқталысымен, дәл осындай көлемде қызмет көрсету нысандарын салу көзделген.

Осыған байланысты, Камалиевтің ойынша, жергілікті әкімдіктер пен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялары бірігіп, қазірден бастап, айналма жолдың бойынан жер телімдерін алып, қызмет көрсету нысандарының құрылысына инвесторлар тарту бойынша жұмыстарды жандандыра бастағандары жөн.

Жалпы, ел бойынша республикалық автожолдардың бойына 400 қызмет көрсету нысанын салу қажет етеді. Қазіргі уақытта, кешенді қызмет көрсететін 44 нысан бар.

"Мемлекеттің қолдауымен, Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Орталық-Батыс дәліздерін қайта қалпына келтіру барысында Аршалы, Ошағанды, Шідерті, Лебяжье, Ұлан, Бейнеу, Торғай және Қыздыңшұбары елді мекендерінде 8 қызмет көрсету нысанын салу жоспарланған. "Expo — 2017" Халықаралық көрмесінің өтуін ескере отырып, аталған нысандарды салу кезінде, энергияның басқа да көздері пайдаланылып, "жасыл" технология қолданылады", — деп атап көрсетіледі хабарда.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.