Қазақстанның қор биржасында Қытай юанына сұраныс артты


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 7, 2024

Қазақстан қор биржасында Қытай юаніне сұраныс артты. Оған КАSЕ-де валюта сатылымының артуы басты себеп деп, хабарлайды Алматы арнасы.

Жалпы қор биржасына Қытай юані өткен жылы қосылған болатын. 4-ай ішінде оның сатылым көлемі 4 миллион 450 мың юаньды құраған. Қыркүйектен бері сауда көлемі 1 миллион 300 мыңға жетіпті.

"Бір айлық сауда-саттық көлемі 1 миллион 150 мың қытай юанін құрап отыр. Соңғы сессияның жабылу кезеңінде 1 юань құны 29,46 теңге көлемінде болған. Ал ұсыныс 29,49 теңгені құраған", — деді "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының бөлім басшысының міндетін атқарушы Әмір Болат.

Экономист-сарапшылар "қытай юаніне сұраныстың жоғарлауы, оның әлемдік деңгейдегі беделінің артуында әрі доллар мен еуро бағасының құбылуында", — дейді.

Десек те, өткен жылы АҚШ доллары жалпы сауда-саттық көлемінің 99 пайызын еншілеп, көш бастап тұр.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.