Исландия тұрғыны 6 жыл бойы сақталған McDonald’s бургерін көрсетті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июн 20, 2022

Исландия тұрғыны Хертур Смарасон 2009 жылы McDonald’s дәмханалар желісінен сатып алған чизбургерін бүгінгі күнге дейін сақтап келген.

Полиэтилен қалтада тұрған тағамның қандай күйге айналғанын жуырда Смарасон көпшілікке көрсетті деп жазады mbl.is. Арада тура 6 жыл уақыт өтсе де чизбургер бұзылмай, сол күйі сақталыпты, тек нанның ортасына салынған еттің сәл ағарған.

Ер азамат фастфуд тағамын зерттеп көрмек болып оны полиэтилен қалтасында 3 жыл сақтайды. Түрін өзгертпегеннен кейін оны алып Исландияның ұлттық музейіне өткізген екен.

"Мен бұған дейін McDonald’s тағамдарының мүлдем бұзылмайтынын естігенмін. Мұны кейін өзім тексеріп көрмек болдым", — дейді Смарасон.

Айта кетсек, үш жыл бойы музейде сақталған чизбургер күні кеше иесіне қайта берілді. Смарасон болса тағамды тастауға обалсынса керек, оны ел астанасы Рейкьявиктегі жатақханалардың біріне апарып өткізген.

Новости Казахстана


Июн
6

Комментарии закрыты.