АҚШ-та мас ана жүргізген көліктен 4 бала секіріп кетті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Май 27, 2022

АҚШ-та 11 жастағы екі қыз бала мен екі ұл, жүріп келе жатқан көліктен секіріп түскен. Көлікті солардың бірінің анасы мас күйінде басқарған.

Daily Mail хабарлағандай, көлік бағанаға соғылып, шынысы шағылған соң олар осындай әрекетке барған. Балалар жапа шекпеген.

Оқиға Флорида штатының Гейнсвилль елді мекенінде орын алған. Балалар демалыс күндерінде достарының анасының қарауында болған.

Кейін әйел өзін жағымсыз жағынан көрсете бастаған. Көліктен секірген балалар қоғамдық тамақтану орнына барып, сол жерде мейрамханаға келушілердің бірі полиция шақыртыпты. Тінту барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жүргізушінің отыратын орнының астыңғы жағында марихуана мен оны шегуге арналған жабдықты тапқан.

Полиция ақпаратынша, ұсталған 45 жастағы Анджела Вудворт оқиға орын алмас бұрын екі саптыаяқ сыра және өзге алкогольді ішімдік ішкен.

Әйелге бірнеше бөлім яғни есірткі сақтау, аз көлемде марихуана сақтау, балаларға қатысты міндетті орындамаудың төрт фактісі бойынша айып тағылды. Оның баласы туыстарына тапсырылды, қалған үшеуі үйлеріне жеткізілді.

Новости Казахстана


Май
5

Комментарии закрыты.