Қазақстандықтар электр энергиясы үшiн абоненттiк төлем төлейді


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июл 29, 2023

Қазақстанда электр энергиясы үшiн абоненттiк төлем енгiзiледі. Бұл туралы парламент мәжiлiсiнде өткен үкiмет сағаты барысында Энергетика министрi Владимир Школьник мәлiмдедi, деп хабарлайды Bnews.kz.

"Қазiргi уақытта қолданыстағы қуаттылықтар нарығы аясында электр энергиясына шектi тарифтер екi бөлiкке бөлiнбек, яғни инвестициялық құрамдас бөлiк пен өзiндiк құны. Бұл ретте инвестициялық құрамдас бөлiктiң қолдану көрсеткiшiне тәуелсiз телефонға төленетiн абонеттiк төлемге ұқсас болатынын айта кеткен жөн", — дедi Школьник.

Оның айтуынша, тарифтiң құрамын осылайша бөлу нәтижесiнде электр энергиясы бағасы күрт артпай, тек инфляция аясында өзгерiп отырмақ.

"Бұл өзгерiстердi қарастыратын тиiстi заң жобасы жақын арада Мәжiлiс қаруына енгiзiлетiн болады", — деп толықтырды өз ойын ол.

Новости Казахстана


Июл
7

Комментарии закрыты.