Назарбаев Сауд Арабиясының жаңа королін таққа отыруымен құттықтады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 2, 2023

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудқа оның Сауд Арабиясы Корольдігі тағына отыруына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Нұрсұлтан Назарбаев

"Сіздің басшылығыңызбен Сауд Арабиясы Корольдігі ислам жамағатына қызмет етуді мақсат тұтқан саясатын табысты жалғастыратынына сенімдімін. Корольдіктің өз дамуында жаңа белестерге көтерілуіне және халықаралық аренадағы рөлінің артуына тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық және әріптестік қатынастар екі елдің игілігі жолында тереңдей береді деп үміттенетінін жеткізді.

Қазақстан президенті соңында Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудқа денсаулық пен амандық, болашақтағы игі істеріне табыс, ал достас Сауд Арабиясы халқына береке-бірлік тіледі.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.