Сарапшы: Мұнай $50 тұрса, Ұлттық қордың кірісі жылына $5 млрд-қа дейін қысқарады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 11, 2022

Мұнай бағасы барреліне $50 болғанда Қазақстан Ұлттық қорына түсетін кіріс жылына $5 млрд-қа дейін қысқарады. Бұл туралы Halyk Finance компаниясының сарапшысы Асқар Ахмедов ҚазТАГ агенттігіне хабарлады.Мұнай

"Біздің бағалауымызша мұнай бағасы барреліне $95 болғанда Ұлттық банк мұнайдан жылына $18,25 млрд пайда табады. Мұнай бағасы барреліне $50 болғанда кіріс жылына $5 млрд-қа дейін қысқарады»", — деді Асқар Ахмедов ҚазТАГ агенттігіне берген сұхбатында.

Оның пікірінше, 2015 жылы Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы барреліне $55 болады.

Бұрын хабарланғандай, жұма күні сауда қорытындысында Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы барреліне $48,79 (+$0,27) болған.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.