Жоламанов өзіне тағылған айыпты мойындамады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Май 14, 2023

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің бұрынғы директоры Нұрлан Жоламановтың үстінен сот өтіп жатыр.Фото: lada.kz

Сотта бас әскери прокуратура өкілі Кемел Шаяхмет Жоламановқа "ұйымдасқан қылмыстық топ құрды" және "аса ірі көлемде пара алды" деген айыптар тақты.

Жоламанов өзіне қарсы сотты "қолдан жасалған, саяси іс" деп атап, тағылған айыптарды мойындамайтынын мәлімдеді.

Жоламановпен бірге тағы бір сотталушы — Алматыдағы 2458-әскери бөлімнің бұрынғы командирі Қайрат Балмағамбетовке "аса ірі көлемде пара алды" және "ұйымдасқан қылмыстық топ құрды" деген айыптар тағылған.

Жоламановтың ісі бойынша алдын-ала тыңдау қаңтардың 12-сінде өткен. Ол кезде Жоламановтың адвокаты оны қамаудан босатып, үйқамаққа шығару туралы өтініш берген.

Бірақ сот ол өтінішті қанағаттандырмады. Нұрлан Жоламанов 2014 жылы қазанның 27-сі күні ұсталған. Ол 2013 жылдың қаңтарынан бастап ұсталған кезге дейін ҰҚК шекара қызметін басқарған.

Новости Казахстана


Май
5

Комментарии закрыты.