Алматыда келіншек сәбиін 180 мың теңгеге сатып жібермек болған


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 9, 2023

Алматы полициясы 1 айлық сәбиін 180 мың теңгеге сатпақ болған әйелді ұстады. Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары агенттігі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облысы, Іле ауданының 27 жасар тұрғыны 19 желтоқсанда Алматы перзентханаларының бірінде босанған.

"Аталған азаматша нәрестені саудалауды бұрыннан ойластырып жүрген екен. Аяғы ауыр кезден өзінің баласын сатып алатын адамдарды іздеген. Ана бақытын аңсап жүрген жалғызбасты әйел бірден табылды. 1 айлық қыз бала 180 мың теңгеге бағаланды. Екі мәмілегер кешкі 7 шамасында Бостандық ауданында кездесіп саудаласып жатқан жерінен ұсталды", — деді қалалық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының басшысы Таңат Назанов.

Полиция қызметкерлері тінту кезінде босанған әйелден 180 мың теңгені тәркіледі. Келіншек өзінің жымысқы жоспары барын бірден мойындады.

Сұрақ-жауап алу барысында ол осыған дейін де екі бала туып, перзентханаларға қалдырып кеткенін айтқан.

Қазір оған қатысты Қылмыстық кодекстің 135 бабына сәйкес (кәмелетке толмаған балаларды сату, саудалау) қылмыстық іс қозғалды.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.