Әбу-Дабиде джип алтыншы қабаттан құлап кетті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Сен 2, 2022

Жексенбі таңертең "Шейх Халифа Энерджи Кешені" ғимаратында жазатайым оқиға орын алды. БМВ (X6 үлгісіндегі) маркалы жол талғамайтын көлік автотұрақтың алтыншы қабатынан құлады.

Алдын ала деректер бойынша, рульде 54 жастағы әйел болған, ол оқиға орнында жан тапсырды. Әбу-Даби полициясының хабарлауынша, джип артқа қарай қозғалған кезде қоршаудан шығып кеткен.

Полиция бөлімінің бастығы генерал-майор Саид Аль Дахири келеңсіз хабар жайлы дабыл таңертең 8-де келіп түскенін мәлімдеді.

Оқиға орнына кезекші патрульдер, "жедел жәрдем" көлігі, арнайы мақсаттағы полиция тобы жетті.

Мұны көрген кейбір адамдар фотоны әлеуметтік желілерге таратып жіберген. Осыған орай полиция интернетке фото орналастырар кезде сақтық сақтауға шақырды, себебі мұндай әрекет әмірлік заңына қайшы.

Новости Казахстана


Сен
9

Комментарии закрыты.