Зарина Диас «патриоттық» аяқ киімімен таң қалдырды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 19, 2022

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас Instagram желісіндегі парақшасына аяқ киімінің суретін салды.

Австралияның ашық чемпионатында бақ сынаған жерлесіміз аяқ киімін патриоттық үлгіде жасатыпты. Суреттен байқағанымыздай, теннисішінің спорттық аяқ киімінде Зарина есімі жазылып, Қазақстанның туы бейнеленген.

"Аяқ киімімді жақсы көремін. Алға Қазақстан!" деп жазады Зарина.

Бұған дейін боксшы Геннадий Головкин шаршы алаңға киіп шығатын шолақ шалбары мен аяқ киімдеріне қазақтың ою-өрнегі мен туын салып, тіс қорғайтын капасын да көк және сары түстермен көмкерген еді.

Еске сала кетейік, Зарина Диас осымен екінші рет Австралияның ашық чемпионатында үшінші кезеңге дейін жетті. Біздің теннисшіні әлемнің 2-ракеткасы, ресейлік Мария Шарапова тоқтатқан болатын.

Еліміздегі және шетелдегі маңызды жаңалықтарды қазақ тілінде оқыңыз!

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.